Ақмолада аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ақмола облысының аудан әкімінің орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны мен жалпы қамқорлығы үшін 600 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу жалғасуда», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров агенттікте онлайн режімде өткен баспасөз мәслихатында.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Данияр Бигайдаров өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтынын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар