Ақмолада аттестат тапсыру рәсіміне қатысқан адам коронавирус жұқтырып алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 19 адам өз бетінше дәрігерге жүгінген. Оның ішінде аттестат тапсыру рәсіміне қатысқан адам коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы тәулікте облыс бойынша 23 адамның коронавирус инфекциясын жұқтарғаны анықталды. Оның алтауы - Көкшетау қаласында.

«Бір адамда скринг кезінде анықталса, екіншісі аттестат тапсыру рәсіміне қатысқан кезде жұқтырып алды», - дейді ведомстводан.

Жұқтырғандардың он бірі - 67-30 жас аралығындағы ерлер, тоғызы - 71-20 жас аралығындағы әйелдер. Бұдан бөлек, коронавирус 2008, 2019 және 2020 жылы туған үш баладан табылды. Жалпы, Ақмола облысында COVID-19 жұқтырғандардың саны 414 жетті.

Еске сала кетейік, Көкшетауда ата-анасына коронавирус жұқтырған астаналық дәрігер көз жұмған болатын.


Соңғы жаңалықтар