Ақмолада астық тиелген жүк көлігіне шабуылдаған күдіктілер ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Петропавл-Жезқазған» тасжолында «КамАЗ» жүргізушісін тонаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 19 сәуірде Арқалық қалалық полиция басқармасының кезекшілік бөліміне автобанның тоналғаны туралы хабар түскен. Жарқайың ауданы аумағында «Петропавл-Жезқазған» тасжолында 30 жастағы «КамАЗ» жүргізушісін белгісіз біреулер тоқтатқан.

«Қаскүнемдер ер адамның көзін байлап, машинаға отырғызып, белгісіз жаққа алып кеткен. Анықталғандай, шабуыл мақсаты ұрлық жасау болған. Бірақ, тіркемесі бар 25 тонналық жүк көлігі егістік жолына батып қалған, сондай-ақ көліктің доңғалағы істен шыққан. Қылмыскерлер жәбірленушіні жіберуге мәжбүр болған. Ол қалаға өзі жеткен. Күдіктілер оның ақшалай қаражаты мен ұялы телефонын алып қойған», - деді ведомствода.

Полицейлер 25 және 27 жастағы Қостанай қаласының тұрғындарын ұстады.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі нақтылағандай, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Автор: Оксана Матасова

Соңғы жаңалықтар