Ақмолада археологиялық зерттеу кезінде сармат дәуірінің «құрбандық тасы» табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының аумағынан сармат дәуіріне тиесілі құрбан шалуға арналған тас табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық музейіне сілтеме жасап.

Ұлттық музейдің Facebook парақшасында жазылғандай, Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен аталған өңірде рухани құндылықтарды зерттеуге арналған жоба іске асып жатыр.

«Жоба аясында Жарқайың ауданының Шойындыкөл ауылы маңынан б.з.д II-III ғ. жататын «құрбандық тасы» табылды. Құрбандық тасы дөңгелек пішінді, жоғарғы жағы жалпақтау, ал қырына қошқар мүйізі өрнектеліп салынған. Оны көшпелілердің діни ғұрыптарының бірі – «тазалау» жоралғысын орындауға қолданған зат деген жорамал бар», - деп жазылған ұлттық музейдің желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, хабарламада Құрбан айт қарсаңында табылған жәдігердің құнды әрі маңызды екені айтылған.

Еске салсак, бұған дейін Ақмола облысында кейінгі қола дәуірінің жәдігерлері – әшекей бұйымдар мен қыш ыдыстардың қалдықтары табылғанын хабарлаған едік.

Видеодан алынған кадр

Соңғы жаңалықтар