Ақмолада әділет департаментінің қызметкерлері мемлекет мүлкін жымқырды деп айыпталуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысы әділет департаментінің лауазымды тұлғалары мемлекеттік мүлікті жымқырды деп айыпталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық әділет департаментінің қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік мүлікті жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«2019 жылдың желтоқсанында облыстық әділет департаментінің қызметкерлері қылмыстық келісімге келіп, осы департаментттің балансында тұрған, құны бір миллион теңгеге жуық құрал-жабдықтарды заңсыз алып, жымқырғаны үшін күдікке ілінді. Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілер қамалған жоқ. Тергеу жалғасуда» делінген хабарламада.

Айыпталушыларға қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.


Соңғы жаңалықтар