Ақмолада «адалдық дүкені» ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық сотының қызметкерлері мен онда келушілер «адалдық сауда дүкенінде» сатып алған заттарының ақшасын жәшікке қалдырып кетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүкенде сатушы жоқ, тек заттардың бағалары көрсетілген және осы жерде жәшік қойылған.

Integrity shop - «адалдық сауда дүкені» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментімен өзара іс-қимыл негізінде сот ғимаратының холында ашылды. Жоба талай жылдардан бері скандинавия елдерінде қолданылып келе жатқан тәжірибе бойынша іске асырылды.

Тауарларды (нан-тоқаш өнімдері мен сусындарды) қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлер ұсынып отыр.

«Жоба азаматтардың бойына парасаттылық пен адалдық сияқты моральдық қасиеттерді дарытуға тәрбиелеуге бағытталған. Осы факторлар сыбайлас жемқорлықтан арылуға көмектеседі», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті басшысының орынбасары Райхан Братаева.

«Дүкенді ашып отырған бейтаныс адамның сенімін ақтау күнделікті қалыпты жағдайға айналуға тиіс», - деп сендірді Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Сайра Шуақпаева.

Соңғы жаңалықтар