Ақмолада «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слеті өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданындағы «Аurora Garden» отбасылық демалыс орталығында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының екінші облыстық слеті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы мен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткен шараға облыстың 19 өңірінен келген оқушылар - «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері мен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қалалық және аудандық байқаулардың жеңімпаздары қатысты.

Слеттің алғашқы күні «Бір ел. Бір тағдыр. Бір болашақ» би флешмобымен ашылып, «Адалдық алаңы»  квест-ойнына ұласты. 

Қызықты, тартысты сайыс нәтижесінде «Жолбарыстар», «Family», «Да» және «Достық» командалары жүлделі орындарға ие болды. Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» клубтарының жұмысы туралы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

«Слеттің екінші күні де қызықты өтті. Әр өңірден келген делегаттар 2017-2018 оқу жылында өткізілген іс-шаралар туралы театрландырылған көрініс немесе үгіт бригадасы, «Адал ұрпақ» клубының жұмысы туралы бейнеролик түрінде өз есептерін ұсынды», деп түсіндірді ведомстводан.

Сонымен қатар, слетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, оқушылардың адамгершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымының негіздерін қалыптастыруға бағытталған конкурстардың жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Шара соңында қатысушыларға «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының екінші облыстық слетіне қатысушы сертификаттары табыс етілді. 

Соңғы жаңалықтар