Ақмолада Абайдың 175 жылдығына орай шығармашылық байқау өтті
Байқауға еліміздің әр өңірінен 40-тан астам студент қатысып, бақ сынады. Байқаудың алғашқы кезеңінде қатысушылар «Абай жолын» қазақ және орыс тілдерінде оқып берді. Алғашқы кезеңнен сүрінбей өткен 20 қатысушы финалға шықты. Финалда ZOOM арқылы облыстық оқыту-әдістемелік орталығының вебинарына қосылып, «Абай жолы» романы бойынша 45 минуттың ішінде «Атаның ұлы емес, елінің ұлы» және «Духовная натура поэта и мелодия любви» тақырыбында шығарма жазды.
«Байқауға қатысып, жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Мұқтар Әуезов ақынның ішкі жан дүниесін жақсы көрсете алды. Абайдың ішкі жан дүниесі «Абай жолы» романында жан – жақты, оқырманға түсінікті етіліп суреттелген. Оқыған адамның Абай мен оның шығармашылығына қызығушылығы артады», – дейді Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Аслан Әбутәліпов.
Байқау жеңімпаздары грамота және бағалы сыйлықт армен марапатталды. Шараның Ұлы ақынның баға жетпес рухани мұрасын насихаттауға арналып отыр.