Ақмолада АӘК алып отырған отбасылардың тұрмыстық жағдайы жақсара түсті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Егіндікөл ауданында мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасылардың тұрмыстық жағдайы жақсара түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда үш есеге көбейіп отыр.

«Мәселен, 2018 жылы 7,2 мың отбасы көмек алса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 8,3 мың отбасына жеткен. Яғни, қаржы тілімен айтқанда, төлемақы көлемі 400 миллионнан 8,3 миллиард теңгеге дейін артып отыр», дейді басқарманың баспасөз хатшысы Владислава Кокорина.

Баспасөз хатшысы атап өткендей, мұқтаждық деп масылдыққа салынбай, өз күнін өзі көруге бекем бел буып, тырбанып тіршілік етіп жатқандардың қажыр-қайратына сүйсінуге болады. Сондай отбасылардың бірі – Егіндікөл ауданына қарасты Бауманское ауылының тұрғыны Толқын Қайырова көпбалалы ана. Бір үйде 11 жан тұрды. Жары болса жұмыссыз. Бұл отбасына 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көмек көрсетілді. Осы көмектің арқасында отбасы қазір басқа жайлылау пәтерге көшсек деп қамданып отыр.

Сонымен қатар, аудан орталығы – Егіндікөл ауылында тұратын Анна Думинаның атаулы әлеуметтік көмек алғанша қаржылық жағдайы қиын болды. Күйеуі тұрақты жұмыс істеген жоқ. Ал, ұсақ-түйек жұмыс бірде бар, бірде жоқ. Тұрақты табыс болмаған соң қаржы тапшылығына жиі ұшырайтын. Бүгінгі таңда «Бауманское-07» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмысқа орналасты. Тұрақты табыс болған соң дастарханы асқа толып, баспанасын жөндеп алды. Бұрын сүреңсіздеу болып тұратын үй ішіне жаңа жиһаздар алып, жұтындырып қойған. Қолына компьютер тиген балалардың қуанышында да шек жоқ. Қысқы маусымға қажетті отын-көмірін де түсіріп үлгерген.

Соңғы жаңалықтар