Ақмолада 69 жастағы кейуана танысын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді
2022 жылғы 23 ақпан, 22:38

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола полицейлері адам өлтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
19 ақпан сағат 10:35-те Бұланды ауданының полиция бөліміне Алтынды ауылындағы мектептің жанынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түсті.
Полицияға ауылдық округ әкімі телефон соққан.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды.
Ол 69 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
18 ақпан күні шамамен сағат 15:00-де ер адам досына келген.
Ішімдік ішу және жанжал кезінде әйел серігінің кеудесіне пышақ сұққан.
Сараптама тағайындалды.
ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP