Ақмолада 60 мыңға жуық бюджет қызметкерінің жалақысы өседі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халқымызға Жолдауындағы міндеттерді түсіндіру мақсатында Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде болып, оқытушы-профессорлық құрамы және студенттермен кездесті. Шараға аймақ басшысы Мәлік Мырзалин де қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында М.Мырзалин Елбасы Жолдауын насихаттау мен онда қойылған міндеттерді халыққа түсіндіру бойынша арнайы топтар құрылғанын және олардың белсенді жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.

«Көпсалалы міндеттерді алға тартқан тарихи құжаттың маңызы ерекше. Отанымыздың әр азаматы білімді, белсенді, бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Сіздерге қойылатын жауапкершілік салмақты, бұл орайда мемлекет тарапынан жағдай да жасалуда. Уақыт талабындағы білім алып, ел үмітін ақтау басты парыз. Біз жарқын болашаққа Қазақстан халқының дәстүрлі достық, бауырмалдық пен өзара түсіністік байрағын желбіретіп жетеміз. Бұл қастерлі қағидат сіздердің құлақтарыңызда, жүрек төрінде тұруы керек. Келер жылы «Жастар жылы» деп белгіленуі осыны меңзейді», - деді Марат Бекетаев өз сөзінде.null 

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті бұл талаптарды өзінің басты ұстанымы санайды.

«Түлектердің 91 пайызы жұмыспен қамтылады. Оқу бітіріп шыққан студенттердің жұмысқа орналасуына білім ордасы ұдайы назар аударып отырады», деді білім ордасының басшылығы.

Кездесуде айтылғандай Ақмола облысында бюджет саласында жұмыс істейтін 58 мың қызметкердің жалақысы көтерілетін болады. Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар