Ақмолада 53 сотталушы өздеріне тиесілі жәрдемақыны алмаған - прокуратура

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы түзеу мекемелерінің бірінде жергілікті атқарушы органдардың және мекеме әкімшілігінің кінәсінен әлеуметтік мәнді аурулары бар 53 сотталған азамат мемлекеттен өздеріне тиесілі жәрдемақы түріндегі көмектерін алмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық прокуратурасының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі кешенді тексеру шаралары барысында сотталғандардың конституциялық құқықтарының бұзылғанын анықтады.

«Тексеру нәтижесінде қадағалау актілері енгізіліп, 53 сотталған адам ауруы бойынша әлеуметтік көмек алды, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 26 тәртіптік жауапкершілікке, 3 ҚАЖ қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұзушылықтар жойылды», - деп жазды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар