Ақмолада 500 бас ірі қараға шақталған тауарлы сүт фермасы ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Шортанды ауданының Бозайғыр ауылында «Milk Product» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заманауи тауарлы-сүт фермасын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

«Бұл - 500 бас ірі қара малға арналған алғашқы ферма. Жаңа фермаға Еуропадан симментал тұқымды ірі қараның алғашқы легі жеткізілді» дейді ведомстводан.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, жақында ферма толық қуатына шығады.

Бұл инвестициялық жоба Нұр-Сұлтан қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуін ұлғайту мақсатында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.


Соңғы жаңалықтар