Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.98 EUR 428.70
RUB 5.64 CNY 53.48
Жаңалықтар

Ақмолада 5 млн теңге пара алған шенеунік сотталды

2018 жылғы 17 шілде 19:12 673
Бөлісіңіз:
Ақмолада 5 млн теңге пара алған шенеунік сотталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Амола облысының Бурабай аудандық сотының шешімімен кəсіпкерден пара алған «Бурабай» республикалық бейімдеу орталығы» ШЖҚ РМК-нің бұрынғы директоры 3 жарым жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соттың материалы бойынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  «Бурабай» республикалық бейімдеу орталығы» ШЖҚ РМК-і жəне жеке кәсіпкер арасында мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша орталықта ем алушыларды тамақпен қамтамасыз ету үшін 105 304 775 теңгеге келісімшарт жасалды. Кейін ЖК басшысы асхананы көрген соң, экс директор оған науқастардан үш арыз түскен кезде біржақты түрде келісімшартты бұзуға құқылы екенін айтқан. Бірақ оған қамқорлық жасап, келісімшарттағы міндеттерін ойдағыдай орындауы үшін бөлінетін ақшаның 10 пайызын, яғни, 10 миллион теңгесін беруді талап етеді. Кәсіпкер оған келіседі. Алайда, қаржылай қиындыққа тап болған ол экс-директор сұраған 10 пайыз үлес ақшасын 5 пайызға дейін түсіреді.

Бірақ та, кәсіпкер əйел оған ақша бермес бұрын жемқорлыққа қарсы қызметіне ескертіп үлгереді.

Кәсіпкер мен экс-директор жəне оның орынбасары үшеуі Щучинск қаласындағы дəмханалардың бірінде кездеседі. Кездесуде сотталушы кəсіпкерге ақшаны көлігінің артқы жолаушылар орындығына салуды өтінеді. Бірақ, экс-директор өзінің бұл қылығын орынбасарына білдірмейді. Кейін Бурабайға бара жатқан жолда жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері оны қолға түсіреді. Көліктің салонынан пара ретінде берілген ақша табылады.

Сотта сотталушы өзінің қылмысын (ҚР ҚК 366 бабының 2 бөлігі бойынша) мойындады. Сот экс- директорды 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Оған қоса, сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқынан айырылды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат