Ақмолада 4​773 ​отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 4​773 отбасы 626,5 миллионнан астам теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, биыл облыс бойынша барлығы 6 мыңнан астам әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуда. Биыл атаулы әлеуметтік көмек көлемі 9 есеге артып, 3,7 миллиард теңгені құрады.

«Елбасының «Әлеуметтiк қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын жүзеге асыру шеңберінде 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап, облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек алу үшін 8 мыңнан астам азамат жүгінді. Олардың барлығына тиісті түсініктеме берілді», - дейді Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова.- Биылғы жылдың сәуір және мамыр айында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін 6400 өтініш түсті. Оның ішінде 120 отбасының өтінішінен бас тартылды. 6058 өтініш мақұлданып, 9 888 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы 2104 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 4773 ​ мың отбасы 626,5 миллионнан астам теңге көлемінде әлеуметтік көмек алды. 178 отбасын учаскелік комиссия тексеріп жатыр.

Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмектен бөлек әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында облыстық және жергілікті бюджеттен 5,5 миллиард теңге қаржы қарастырылып отыр. Қаражат тарту есебінен биылғы жылдың 3 айында 4139 отбасына 57 миллион теңге көмек көрсетілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 20 жалдамалы жәна 12 несиелік тұрғын үй салынуда.

«Жыл соңына дейін 148 көпбалалы отбасын жалдамалы баспанамен қамту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек облыстың 9 өңірінде шілденің соңында осы санаттағы 28 отбасына жалдамалы пәтер сатып әперу жоспарланған.

Сонымен қатар, өңір кәсіпкерлері жыл соңына дейін 41 әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасының баспана мәселесін шешуге көмектеспекші. Бүгінгі күні облыстың 10 өңірінде осындай 18 отбасы баспанамен қамтылды, - деп толтырды басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар