Ақмолада 3 мың адамның қатысуымен «Қыс» фестивалі өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында Жастар жылы және «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай «Қыс» атты қысқы спорт түрлерінен фестиваль өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Фестиваль аясында Көкшетау, Степногор қалалары мен Бурабай, Бұланды, Зеренді, және Сандықтау аудандарында шаңғы жарысы, шорт-трек, пима-хоккей және шайбалы хоккейден жарыстар өтті», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.



Жалпы, фестивальге 3 мыңнан астам ақмолалық қатысты.

Фестивальдің ашылуы Щучьедегі республикалық шаңғы базасында өтті. Онда «Азия балалары» халықаралық спорт ойындарының жеңімпаздары Вадим Куралес және Данил Червенко марапатталды.

Соңғы жаңалықтар