Ақмолада 3,7 млн астам мемлекеттік қызмет электрондық форматта көрсетілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Ақмола облысында 3,7 миллионнан астам мемлекеттік қызмет электрондық форматта көрсетілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма басшысының айтуынша, мемлекеттік органдардың қызметін талдау облыста 2019 жылдың 9 айы ішінде 4 565 338 қызмет көрсетілгенін көрсетті. Оның ішінде электрондық форматта– 3 791 299 немесе 83,1 пайыз, қағаз түрінде – 393 169 немесе 8,6 пайыз, мемлекеттік корпорация арқылы – 380 870 немесе 8,3 пайыз.

Электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу бойынша көрсеткіштер жақсарған. Электрондық үкімет порталын белсенді пайдаланатын тұлғалар үлесінің артуын берілген электрондық-цифрлық қолтаңбалардың артуы растайды. 9 ай ішінде облыс тұрғындарына 266 155 (2018 -244 561) ЭЦҚ берілді.

«Халыққа арналған қызмет» қағидатын жандандыру мақсатында «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» акциясын өткізу дәстүрге айналды (барлығы 58), оның барысында шалғай елді мекендердің тұрғындары қажетті салаларда мемлекеттік қызметтерді алу туралы кеңес алады, қызметтерді алуға өтінім береді, сондай-ақ электрондық үкімет порталында жұмыс істеу дағдыларына оқытудан өтеді.

Облыстың барлық ауылдық округтерінде ауылдық округ тұрғындарын «EE.GOV» электрондық үкімет порталында жұмыс істеу дағдыларына оқытуға бағытталған іс-шаралар өткізілді.

«Департамент өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыра отырып, 2019 жылдың 9 айы ішінде - 59, өтініштер бойынша жоспардан тыс – 36, мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша - 8 тексеріс өткізіп, сондай-ақ субъектілерге барып 15 профилактикалық бақылау жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың 55 фактісі анықталып, жалпы сомасы 185 375 теңгеге 6 әкімшілік іс құрылды, тәртіптік жауапкершілікке 33 лауазымды тұлға тартылып, оның ішінде 16 сөгіс, 16 ескерту және 1 қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасалды», – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджанов.

Сонымен қатар, басқарма басшысы атап өткендей, ведомство мамандары 9 айда мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты азаматтардың 30 өтінішін қарағанын атап өтті.

«Тексеру қорытындысы бойынша 7 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді. Талдау нәтижелері көрсеткендей, шағымдардың басым бөлігі жер қатынастары, ТКШ және сәулет салаларына қатысты», – деп толықтырды басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар