Ақмолада 24 жастағы келіншек әкесінің атынан жасырын несие алып, төлемей қойған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданында 24 жастағы әйел әкесіне 1 миллион теңгеге жуық несие рәсімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қаңтарда Бурабай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түскен.

Ер адам банктердің бірінде оның атына несие рәсімделгенін айтты.

«Ол банкте берешектің жалпы сомасы 1 миллион 400 мың теңгені құрағанын айтты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол арыз берушінің 24 жастағы қызы болып шықты», - деп түсіндірді ведомстводан.

Анықталғандай, қызы әкесін екінші деңгейдегі банктердің бірінде жеке кабинет ашуға көндіріп, содан кейін оның атына карта мен несие алғаны белгілі болды.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі «алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Өзіңіздің жеке деректеріңізді, әсіресе жеке басты куәландыратын құжаттардың фотосуреттерін және көшірмелерін және банктік карточкаларды бөгде адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет, қандай да бір алаяқтық анықталған жағдайда, өзіңіздің банктік шоттарыңызды дереу тексеріп, тиісті органдарға хабарласыңыз»,-деп толықтырды ведомстводан.



Соңғы жаңалықтар