Ақмолада 21 жастағы мотоциклші жол апатынан көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Щучинск қаласында жол апаты болып, 21 жастағы мотоциклші жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша оқиға мамырдың 23-де сағат 19.20 орын алған.

«ГАЗ 53» көлігінің жүргізушісі Щучинск қаласының 42 жастағы жүргізушісі үй ауласынан жолға шықпақ болған кезде Абылай хан көшесінің бойымен жүріп келе жатқан 1998 жылғы мотоцикл жүргізушісімен соқтығысты», - дейді Ақмола облысының ПД баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.

Жол-көлік оқиғасынан мотоциклші аурханаға жеткізіліп, бүгін жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Оқиғаға байланысты ҚР 345-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық және автотехникалық сараптама тағайындалды. Осы арқылы жол апатындағы әрбіреуінің кінәсі анықталады», деп толықтырды ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар