Ақмолада 200 тоннадан астам шөпті өртеп кеткен күдіктілер іздестіріліп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының полиция қызметкерлері шаруашылықтың 200 тоннадан астам шөбін өртеп, 5 миллион теңге шығын келтірген күдіктілерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қарашаның 18-де таңғы сағат 07:18 Жақсы аудандық полициясының кезекші бөліміне Есіл ауылының аумағында қысқа дайындалған шөптің өртеніп жатқаны жайлы ақпарат түскен.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары шөптің «Имран Агро» ЖШС тиесілі екенін анықтады. Өрттен 200 тоннадан астам қысқы мал азығы жанып кеткен.

Шығын көлемі 5 миллион теңгеден асады.

«Қазіргі кезде осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 202-бабының 2-бөлігі 5-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерді анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр» дейді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар