Ақмолада 2 жасар бала даладағы дәретханаға құлап көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында далада тұрған дәретханаға құлаған екі жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 14 маусым сағат 11:30 шамасында Бұланды аудандық ПБ кезекші бөліміне ауылдардың бірінде болған. Екі жасар бала жеке тұрғын үйдің ауласында тұрған дәретханаға құлап кеткен.

«Оқиға орнына полиция, ТЖМ қызметі, жедел медициналық көмек қызметкерлері барды. Бала оқиға орнында есін жимастан көз жұмды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында бензиннен уланған 14 жасар баланың көз жұмғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар