+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақмолада 2,7 мыңнан астам адамның 42 500 теңге алу үшін берген өтініші қолдау тапты

2020 жылғы 7 сәуір 11:40
Бөлісіңіз:
Ақмолада 2,7 мыңнан астам адамның 42 500 теңге алу үшін берген өтініші қолдау тапты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты табысынан айырылған ақмолалықтарға 42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақы төлене бастады. Бүгінгі күні облыстың 2,7 мыңнан астам тұрғынының өтініші қолдау тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Коронавирус пандемиясының зардабын халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылғандары ғана емес, сонымен қатар шағын және орта бизнес өкілдері де тартып жатыр. Мәселен, елорданың іргесіндегі Аршалы ауылында тұратын жас кәсіпкер Мақпал Тінәлина екі жылдан бері азық-түлік емес тауарлары сатумен айналысып келді. Карантиннің енгізілуінен жұмысын тоқтап қалған.

«Коронавирусқа байланысты халық денсаулығының қауіпсіздігі үшін қатаң шектеу шараларын енгізуге тура келді. Төтенше жағдай режимі менің бизнесіме де кері әсер етті. Жұмысым тоқтап, табысымнан айырылдым. Отбасым қиын жағдайға тап болды. Осы ретте, 42 500 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақы туарлы естіп, бірден электронды үкімет порталы арқылы өтініш беріп, бірер күннен соң қолдау тапқандығын туралы білдім. Бүгінгі күнгі қиындықтарға ешкімді айыптауға болмайды. Ең бастысы мемлекет өз халқына қамқорлық танытып отыр. Сол үшін билікке үлкен алғысымды білдіремін», - дейді жеке кәсіпкер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT