Ақмолада 119 адам судан құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарт - Ақмола облысында суға бату оқиғасы 2 есеге көбейді. Суға түсу маусымы басталғаннан бері 18 адам суға батып кетті, оның 7 бала. Бұл туралы Ақмола облысының ТЖД бастығы Алексей Советов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент басшысының айтуынша, Ақмола облысында барлығы 674 су қоймасы бар. Онда сауда шомылу қауіпсіздігін өңірдің жедел құтқару жасақтары, 4 құтқару стансасы қамтамасыз етеді. Олар Көкшетауда Қопа көлінде, Зеренді ауданы және Щучинск-Бурабай курортты аймағында орналасқан.

«Суға шомылу маусымы басталғаннан бері барлығы 119 адам құтқарылды. Оның 30-дан астамы балалар. 103 адамға медициналық көмек көрсетілді.

https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2023-09-29/fcc33260-566c-4493-8a2a-4260cd644c09.webp

Қолға алынған барлық шараларға қарамастан облыстың барлық су қоймаларын бақылауға алу мүмкін болмай отыр. Сол себепті, биылғы жылы 59 бекет ашылып, 221 қоғамдық құтқарушы оқытылды», - деді Алексей Советов.


Сонымен қатар, суға шомылу маусымы басталғаннан бері 146 адам, оның 90-ы масаң күйде және 56 адам рұқсат етілмеген орында шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Дегенмен, сақтық шараларына қарамастан суға шомылу маусымы кезінде 15 төтенше жағдай тіркелді. Соның салдарынан 18 адам көз жұмса, оның жетеуі бала», деп толықтырды Алексей Советов.


Соңғы жаңалықтар