Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Ақмолада 10 жасар баланы зорлаған жасөспірімдер ісі тергеліп жатыр

2022 жылғы 17 мамыр 18:25

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жасөспірімдер 10 жастағы баланы зорлау ісі бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл туралы биылғы мамырдың 9-да полицияға хабарланған.

Онда WhatsApp мессенджері арқылы астана маңындағы елді мекендердің бірінде тұратын 2012 жылы туған кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттері бар бейнежазба тарағаны айтылған.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі (жас балаға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Іс бойынша сот сараптамалары тағайындалды. Кәмелетке толмағандардан жауап алу заңды өкілдердің, педагогтардың, психологтардың және адвокаттардың қатысуымен жүзеге асып жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», - деді ведомстводан.


Автор:

Аслан Оспанов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар