Ақмолада 1 мыңға жуық үйге улы газды анықтайтын дабылқаққыш орнатылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында өрт қауіпсіздігі айлығы аяқталды, оның барысында халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде улы газдың қауіпті концентрациясын анықтайтын 997 дабылқаққыш орнатылды, тағы 1 132-сін орнату жоспарда бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйек айында өңірде «Өрт қауіпсіздігі айы» өткізілді.

Акцияның мақсаты – халықты пешпен жылыту және электрмен жылыту аспаптарын пайдалану кезінде тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту.

«2021-2022 оқу жылы кезеңінде білім ұйымдарында 8 мыңнан астам адамды қамти отырып, 67 интерактивті және ашық сабақтар, 3 мыңнан астам адамды қамти отырып, 299 лекциялар, әңгімелер және нұсқамалар өткізілді, бұқаралық ақпарат құралдарында 1 108 ақпарат, оның ішінде теледидар бойынша - 16, радио бойынша - 953, баспасөзде 139 мақала жарық көрді. Өрт қауіпсіздігі айы барысында департамент қызметкерлері 56 мыңнан астам ауланы аралап, 153 мыңнан астам азаматқа нұсқау берді, 4,5 мыңнан астам азаматты қамтитын 221 жиын, жиналыс ұйымдастырды», - деді ведомстводан.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс төтенше жағдайлар департаменті мен Ақмола облысы әкімдігінің бақылауында.

Осы ретте Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері алдағы суық ауа райы қарсаңында азаматтар қайғылы салдардың алдын алуға және тұрмыста өрттердің туындауының алдын алуға мүмкіндік беретін өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын жою және барынша күш салу қажет екенін еске салады.


Соңғы жаңалықтар