Ақмола жұртшылығы 1 мамыр мерекесін тойлап жатыр (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетауда 2000 адамның қатысуымен 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтілуде. Қаланың орталық алаңына жиналған түрлі этномәдени бірлестіктері ұсынған ұлттық тағамдары мен сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері шеберлерінің көрмесі өтті.

Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен жоғары және колледж студенттерінің «Достық даңғылы» - «Проспект Дружбы» ұйымдастырылды. Ал ең кішкентай ақмолалықтардың «Менің Қазақстаным» тақырыбында бедер тасқа салған суреттері мерекенің көркін одан сайын арта түсті.

Салтанатты шараға қатысқан аймақ басшысы Сергей Кулагин барша ақмолалықтарды осынау мерекесімен құттықтап, халық бірлігін ұрпақтан ұрпаққа дәріптей беруге шақырды.

«Биылғы жыл - біз үшін ерекше. Бізді жоғары биіктер мен жеңіске жетелейтін Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтудеміз. Қазір тұрақтылығы сақталып, бірлігі бекем болған елімізде барлық ұлт өкілдері өз мәдениетін дамытып, тілін өркендетіп, салт-дәстүрін сақтауға мүмкіндік алды. Осының арқасында достықтың шырайы келіп, ынтымақтың жарасым тапқаны елдің өсіп-өркендеуінің негізін қалайды. Әсіресе, жиырма бір жылдық тарихы бар Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының ұлттық бірлігімізді нығайтуға қосқан үлесі зор.

Бүгінде біздің облысымызда 105 ұлт мен ұлыстың өкілдері өмір сүріп жатыр. Бұл өңір қаншама дәстүрлер мен діндердің алтын арқау бесігіне айналған жер. Біздер өз ішіміздегі саяси тұрақтылықты сақтай отырып, экономикамызды да, әлеуметтік саланы да қарышты дамытуға ден қойдық. Бұл қарапайым адамдардың әл-ауқатын жақсартуға да септігін тигізеді. Ертеңгі күнімізге деген сенімімізді де нықтай түседі», - деді С.Кулагин.

Мерекелік шара жергілікті этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен көркем өнерпаздардың орындауындағы концерттік бағдарлама мен түрлі спорттық шараларға ұласуда.
null null null null null null

Соңғы жаңалықтар