«Ақмола жұлдыздары» облыстық шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында «Ақмола жұлдыздары» облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауының қорытынды гала-концерті өтіп, жүлдегерлер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқау Абылай ханның 310 жылдығы, Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығы, Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына арналды.

«Дәстүрлі байқау өңіріміздің мәдени өмірінде өзіндік орны бар ең ірі жоба. Байқау облысымыздың көркемөнерпаз әртістеріне түрлі жанрларда таланттарын көрсетуге, шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді», - деді аймақ басшысы Ермек Маржықпаев құттықтау сөзінде.

Биылғы «Ақмола жұлдыздары» көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауына 276 ауылдық округ пен 3 қаладан 66 мыңнан астам адам, аудандық гала-концерттерге 16 мыңнан астам өнерпаз қатысты, оның ішінде 150 ауылдық округтен 7 123 адам.


Облыстық халық шығармашылығы байқауының аудандық және қалалық гала-концерттерінің қорытындысы бойынша облыстық маңызы бар қалалар, орталықтары қалалар болып табылатын аудандар, орталықтары ауылдар болып табылатын аудандар тәрізді үш топ бойынша жүлделі орындар анықталды.

«Ақмола жұлдыздары» облыстық көркемөнерпаздар байқауында үздік өнер мен шығармашылық жетістіктері үшін орталықтары кенттер, ауылдар болып табылатын аудандар арасында Бас жүлдемен Целиноград ауданы («Chevrolet Neхia» автокөлігі), 1-ші дәрежелі дипломмен Қорғалжын ауданы (ақшалай сыйлық 3 млн теңге), 2-ші дәрежелі дипломмен Зеренді ауданы (ақшалай сыйлық 2 млн теңге), 3-ші дәрежелі дипломдармен Аршалы және Сандықтау аудандары (ақшалай сыйлық 1 млн теңге) марапатталды.


Орталықтары қалалар болып табылатын аудандар арасында Бас жүлдемен Ерейментау ауданы («Chevrolet Cobalt» автокөлігі), 1-ші дәрежелі дипломмен Бурабай ауданы (ақшалай сыйлық 3 млн теңге), 2-ші дәрежелі дипломмен Атбасар ауданы (ақшалай сыйлық 2 млн теңге), 3-ші дәрежелі дипломмен Ақкөл және Бұланды аудандары (ақшалай сыйлық 1 млн теңге) марапатталды.


Облыстық маңызы бар қалалар арасында Бас жүлдемен Қосшы қаласы («Chevrolet Cobalt» автокөлігі), 1-ші дәрежелі дипломдармен Көкшетау және Степногор қалалары (ақшалай сыйлық 2 млн теңге) марапталды.

Сонымен бірге, өңірде мәдениет саласына қосқан үлестері үшін бірқатар сала мамандары түрлі дәрежедегі наградалармен марапатталды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында 60 елді мекеннің ескі атауы қайтарылатынын жазған едік.





Соңғы жаңалықтар