+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Ақмола жастары Түркістанның киелі жерлерін аралауда

2021 жылғы 11 маусым 10:43
Бөлісіңіз:
Ақмола жастары Түркістанның киелі жерлерін аралауда

КӨКШЕТАУ-ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «TÁÝELSIZ JASTAR KERÝENI» жобасы аясында Ақмола облысының жастарына, соның ішінде белсенділер, еріктілер мен түрлі мекемелердің қызметкерлеріне түркітілдес әлемнің ең танымал мәдени-тарихи және Киелі орталықтарының бірі - Түркістан қаласына сапары ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Қазақстанның тәуелсіздігі және рухани-мәдени құндылықтар» атты конференция өтуде «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы байқауына өтініш қабылданып жатыр Тәуелсіздікке - 30 жыл: Маңғыстауда ауыл балалары велосипед теуіп жарысты

Экскурсия киелі орындарды, қаланың көрікті жерлерін аралаудан, жаңа сәулет нысандарын шолудан, «Жұлдызды кеш» таланттар шеруін, сондай-ақ, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне экскурсиядан тұратын толық бағдарламаны қамтиды.

«Қазақстанның қуаң даласының ортасында орналасқан Түркістан қаласы-туризм саласы тарихының нағыз сыйы. Мен киелі орындарға барған кезде жоба қатысушылары өздері үшін көптеген пайдалы ақпарат алатынына, басқа қалалардағы әріптестерімен сөйлесетініне, сондай-ақ көптеген жағымды эмоцияларға ие болатынына сенімдімін. Біз осы қасиетті орынға бару мүмкіндігіне ие болғанымызға өте қуаныштымыз», – деді Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәнсия Есекеева.

Бұл Ақмола облысының жастары үшін Тәуелсіздік мерейтойында жүзеге асырылып жатқан көптеген жобалардың бірі болып табылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT