Ақмола жастары «Ерлік істері ұрпаққа үлгі» тақырыбында ҰОС және тыл ардагерлерімен кездесті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының жастары «Ерлік істері ұрпаққа үлгі» тақырыбында ҰОС және тыл ардагерлерімен кездесті.

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлады.

Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында өткен шараға облыстық жастар саясаты жөніндегі басқармасының жастар ресурстық орталығы және қала әкімдігінің мұрындық болды.

Шара барысында ерлік пен еңбектің ерең үлгісін көрсеткен ардагерлер кейін ұрпақ өкілдеріне сонау сұрапыл соғыс кезінде бастарынан өткерген қиын сәттерді айта келе, бүгінгі бейбіт өмірдегі еліміздің тәуелсіздігінің баға жетпес құндылықтарына тоқталды. Әсіресе, жастарды ардагерлердің жеке өміріндегі мәселелер қызықтырды.

«Сталинград үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған ҰОС ардагері Владлен Лесничий жастардың бірнеше сұрақтарына жауап берді. «Жауға қарсы ұмтылғанда көкейді бір-ақ мәселе мазалайтын еді. Ол - Отанға деген махаббат, Отанды қайткен күнде де жаудан қорғау болатын. Сол себепті де біздерде қорқу деген мүлдем болмады. Сіздер - еліміздің келешегісіздер. Сондықтан, баршаңыздың еліміздің патриоты болуыларыңызға тілектестік беремін», - деді өз сөзінде Владлен Тимофеевич.

Сонымен қатар, бұл күні ҰОС ардагері Жүсіп Оспан 90 жасқа толып отыр. Осыған орай, ұйымдастарушылар қарияға ақшалай сертификат тапсырды.

Соңғы жаңалықтар