Ақмола және Қостанай облыстарындағы 4 жол бөлігіне енгізілген шектеу алынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қарашадан 25 қарашаға қараған түні жолшылар республикалық маңыздағы жолдарда көктайғақты болдырмау үшін өңдеп, қысқы күтіп-ұстау аясында жұмыс атқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

Бұл жұмыстарға түнде 300-ге жуық арнайы техника мен 400-ге жуық жол мамандары жұмылдырылды. Тасжолдарға 700 м3 көктайғаққа қарсы материал себілді.

Естеріңізге сала кетейік, түнде ауа-райының қолайсыздығына орай автокөлік құралдарының барлық түрі үшін Ақмола және Қостанай облыстарындағы республикалық автожолдардың төрт учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Жолшылар атқарған жұмыстан кейін тасжолдардың учаскелері ашылды.

Қазіргі уақытта Жетісу өңірінде ауа-райының қолайсыздығына орай «Үшарал-Достық» трассасының Көктұм станциясынан Достық станциясына дейінгі аралығы жабық (84-184 шқ аралығы).

Қысқы күтіп-ұстау жұмыстары жалғасып жатыр.

Штаттан тыс жағдай туындаса республикалық автожолдарды пайдаланушылар 1403 қысқа нөмірі бойынша «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ бірыңғай тәулік бойғы колл-орталығына жүгіне алады.


Соңғы жаңалықтар