Ақмола және Қостанай облыстарында жол жабылды
Ақмола облысында 7 наурыз күні сағат 20:30-да қар жауып, бұрқасындатып, жолдың көрінуі қиындауына байланысты «Щучинск-Зеренді» автожолының 0-80 шақырымы, атап айтқанда Щучинск қаласы мен Зеренді ауылының аралығындағы жол бөлігі барлық көліктер үшін жабылды.
Сондай-ақ сағат 21:30-да «Қостанай-Әулиекөл-Сұраған» автожолының 232-260 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы мен Сұраған ауылының аралығы, «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 440-552 шақырымы, Державинск қаласы мен Сұраған ауылының аралығында, «Жақсы-Есіл-Бұзлық» атожолының 70-82 шақырымы, Аксай-Бұзлық ауылдарының аралығында жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылды.
Қостанай облысына 7 наурыз күні сағат 21:45-те жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғуына байланысты «Қостанай-Әулиекөл-Сұрган» автожолының 108-232 шақырымы, Әулиекөл ауылы мен Ақмола облысының шекарасы арасындағы жол бөлігімен жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынды.