Ақмола және Қостанай облыстарында бұршақ жауып, тұман түседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола және Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

16 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік бағыттан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі.

16 тамыз түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар