Ақмола және Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола және Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазғидрометке сілтеме жасап.

20 қыркүйекте Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23 м/с жетуі ықтимал. Түнде кей жерлерде найзағай жарқылдайды.

Сол күні Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

20 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Батыстан жел соғады, өңірдің басым бөлігінде секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23 м/с болуы ықтимал.

Сол күні Қостанай қаласында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар