Ақмола және Целиноград тарихы туралы сирек кездесетін құжаттар мұрағатқа тапсырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола және Целиноград тарихы туралы сирек кездесетін құжаттар мұрағатқа тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

«Астана шежіресінде өз атыңды қалдыр» республикалық акциясы арқасында мемлекеттік мұрағатта сирек кездесетін жәдігерлер коллекциясы пайда болды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих кафедрасының оқытушысы Думан Айтмағамбетов Ұлттық мұрағатқа сирек естелік белгілерін, тарихи құжаттардың көшірмелерін, атап айтқанда, 1909 жылы халық санағы туралы мәліметтер мен құнды фотосуреттерді тапсырды.

«Біз құжаттарды болашақ ұрпақ үшін сақтаймыз. Олар тарихты білсін деп сақтаймыз. Астана - жас қала. Бірақ оның өзіндік тарихы бар, оны ашық және баршаға қолжетімді қылу керек», - деп атап өтті Астана мемлекеттік мұрағатының директоры Мейрам Бектембаев.

Естеріңізге сала кетейік, мұрағат материалдар санатына қағаз құжаттар (хаттар, күнделіктер, кітаптар, газеттер) сияқты фото-бейне және аудиоматериалдар, кинохроника, экспонаттар мен басқа да тарихи жәдігерлер жатқызылуы мүмкін.

Тарихи құжаттарды берген авторларға қала тарихын сақтауға қосқан үлесі растайтын құжат беріледі. Сондай-ақ, материалдар электронды үлгіде мұрағаттың электронды поштасына:[email protected] ұсынылуы мүмкін.

Акция Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында өтуде.

Соңғы жаңалықтар