+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Ақмола тұрғынының 3 млн теңгесін жымқырған Қырғызстан азаматы ұсталды

2019 жылғы 11 желтоқсан 18:06
Бөлісіңіз:
Ақмола тұрғынының 3 млн теңгесін жымқырған Қырғызстан азаматы ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола тұрғынының қомақты ақшасын алаяқтық жолмен жымқырған Қырғызстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да төрт күн ішінде интернет алаяқтыққа қатысты 13 қылмыс ашылды Қарағанды полицейлері бір күнде алаяқтық бойынша алты қылмысты ашты Алматыда ешкім үй-үйді аралап, халық санағын жүргізбеген - полиция

Ведомствоның мәліметінше, тамыздың 18-де Макинск қаласының тұрғынынан полицияға арыз түскен. Зардап шегуші 3 млн теңге ақшасын алаяқтық жолмен қалтасына басқан Қырғызстан Республикасының азаматын жауапкершілікке тартуды сұраған.

«Тамыздың 30-да тәртіп сақшылары күдіктіге мемлекетаралық іздеу жариялады. Күдікті туралы мәліметтер көрші мемлекеттердегі әріптестерге жолданды. Іздеу шаралары оң нәтиже берді. Ресей Федерациясының Саратов облысы Озинский ауданының тәртіп сақшылары «Озинки» өткізу бекетінде шекара асып өтпек болған ер адамды ұстады. Қазіргі кезде оны елге қайтару мәселесі шешілуде», - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, соңғы кездері азаматтардың қылмыс жасап, кейін шекара асып қашу оқиғасы белең алуда.

Айта кетерлігі, биыл Ақмола облысының полицейлері 97 қылмыскердің жүрген жерін анықтап, ұстады. Оның 49-на мемлекетаралық іздеу жарияланған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT