Ақмола тұрғынын пышақтаған 29 жастағы қарағандылық ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының тұрғынына пышақ жарақатын салған 29 жастағы қарағандылық ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2 наурыз сағат 06:35 кезінде Аршалы аудандық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем фельдшері хабарласып, аудандық аурухананың қабылдау бөліміне «іш тұсынан пышақ жарақаты» диагнозымен ер адамның түскенін айтқан.

Шақыру бойынша барған тәртіп сақшылары 35 жастағы ер адамның ауруханаға пышақ жарақатымен жеткізілгенін анықтады.

Бірақ зардап шегуші мас болғандықтан оқиғаның мән-жайын айта алмады.

«Жедел-іздестіру шарасы барысында, полиция қызметкерлері Қарағанды облысы Саран қаласының 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады, Ол өз кінәсін толық мойындады» деді ведомстводан.

Анықталғандай, зардап шегуші мен күдікті жергілікті ЖШС-де бірге жұмыс істеген.

Екеуара спирттік ішімдік ішкен соң сөзге келіп қалып, артынша қарағандылық 35 жастағы ер адамға пышақ сұғып алған.

«Пышақ айғақ ретінде тәркіленді. Ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Күдікті Аршалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар