Ақмола тұрғыны қызғаныштан әйелінің қолын сындырып, жертөлеге қамақ қойған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында азаматтық некедегі әйелінің қолын, қабырғасын сындырып, жертөлеге қамақ қойған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда Бұланды ауданының тұрғыны учаскелік полиция инспекторына хабарласып, 41 жастағы қызы ұзақ уақыт бойы телефон қоңырауларына жауап бермейтінін айтқан.

Анықталғандай, әйелдің азаматтық некедегі күйеуі болған. Ерлі-зайыптылар арасында қызғаныш жанжал туындап, 39 жастағы ер адам мас күйінде әйелін ұрған. Осының салдарынан әйелдің қолы мен қабырғалары сынған. Бұл аздай, ер адам әйелді үйдің жертөлесіне қамады. Оқиғаны көршісі кездейсоқта байқап қалған. Осыдан кейін қаскүнем үйінен қашып кетеді. Алайда, учаскелік инспектор ер адамның жасырынған жерін анықтады.

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» және 126-бабының 1өбөлігі «Бас бостандығынан заңсыз айыру» бойынша екі қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар