Ақмола тұрғыны 14 жастағы қызын көсеумен ұрып, иығын сындырған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Аршалы кентінің тұрғыны қызын көсеумен ұрып, иығын сындырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықты (психологиялық, сексуалдық және өзге де жәйттер) болдырмау мақсатында отбасылардағы балалар зорлық-зомбылығын анықтау және алдын алу шараларын жүргізуде.

Мәселен, полиция бөлімінде есепте тұрған Аршалы кентінің 46 жастағы тұрғыны «Kaspi Gold» банк картасын пайдаланған 14 жастағы қызын көсеумен ұрған, салдарынан жасөспірімнің сол қолының иық буыны сынған.

«Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы «Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге «шақырғанда келу міндеттемесі» процессуалдық шарасы қолданылды. Сонымен бірге, күдіктінің үстінен ҚР ӘҚбК 461-бабы «қорғау ұйғарымын бұзу» бойынша әкімшілік іс қолға алынды», - дейді ведомстводан.

Айта кетсек, жыл басынан бері Ақмола облысында тәртіп сақшылары тұрмысы нашар 799 ата-ананы есепке қойған. ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша өз баласын тәрбиелеу немесе оған білім беру жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамайтын 292 заңды өкіл әкімшілік жауапқа тартылды. Баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетті орындамайтын 6 заңды өкілге қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 68 ата-ана құқығынан айырылса, 15- ата-ананың құқығы шектелді.


Соңғы жаңалықтар