Ақмола театры үш күн бойы алматылықтарды өнерімен сусындатты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Киелі Көкше жерінің әртістері асқақ Алатау баурайында болып, Алматы жұртшылығына өз өнерлерін паш етті.

Қазан айының 26-28 аралығында Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында бірнеше спектакль қойды.

Үш күн бойы балаларға арналған Эстентонның «Ойыншықтар оқиғасы» ертегісі (режиссері -Е.Тазболатов), С.Жүнісовтің «Абылай» тарихи толғауы (режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Оспанов), сонымен қатар, «Алдаспан» драмасы ( режиссері -Ерсайын Төлеубай), Шахмет Құсайыновтың «Анамның ақ көйлегі» драмасы ( режиссері- М.Изимов) көрсетілді.

Барлық спектакльдер жұртшылықтың ықыласын туғызып, талғамы зор алматылық көрермендер тарапынан жылы қабылданды.

Соңғы жаңалықтар