Ақмола прокурорлары Абай өлеңдерін бірнеше тілде шырқады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының прокуратура қызметкерлері Ұлы Абайдың шығармаларын бірнеше тілде орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ақмола облысының прокуратурасы ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған байқау ұйымдастырды. Іс-шараға облыс және аудан прокуратураларының жас қызметкерлері белсене қатысты. Абай шығармалары әлемнің 116 тіліне аударылғандығы бәріне мәлім. Прокуратура қызметкерлері әр түрлі ұлт өкілдерінің тиісті нақыштағы ұлттық киімдерінде ұлы ағартушы-ақынның өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын, неміс және әзербайжан тілдерінде оқыды. Аңызға айналған «Көзімнің қарасы» әні де барлық көрермендердің үлкен ықыласына бөленді», деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Жас ұрпақ - облыс прокуратурасы қызметкерлерінің балалары да іс-шарадан тыс қалмады. Балалар Абайдың шығармаларын жатқа оқып, осылайша қазақтың көрнекті ақынының шығармашылығына деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, ұлы бабамызға құрмет көрсетті.
«Бүгінгі іс-шарадағы ұлы Абайдың шығармалары халықтар арасындағы терең байланыстың, ізгі құрмет пен түсініспеншіліктің дәлелі болды. Байқау соңында Абай оқуларының қатысушылары облыс прокурорының естелік грамоталарымен марапатталды», деп толықтырды ведомстводан.
Айта кетерлігі, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған 9 жасар мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейін челленджге қоғам және мәдениет қайраткерлері, елшілер, белгілі тұлғалар, әлемге танымал кәсіпкерлер мен ақпарат агенттіктерінің ұжымы да қатысты.
- Пара алған аудан прокуроры 4 жылға сотталды
- Көкшетауда «Ұлы даланың ұлы есімдері» байқауының қорытындысы шығарылды
- Ақмолалық баскетболшы қыздар Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды
- Ақмола облысында Тәуелсіздік күніне дайындық мәселесі талқыланды
-
СҚО-да өткен облыстық айтыстың бас жүлдесін Мұхаммед Қоңқаев алды
-
Қазақстанның жыршы-термешілері елордада концерт-спектакль қойды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам