Ақмола полицейлері жолда қалған өзбекстандықтарды құтқарды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола полицейлері «Нұр-Сұлтан – Петропавл» автокөлік жолында істен шығып, тоқтауға мәжбүр болған автобус жүргізушілеріне бес күн бойы көмек көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, патрульдік полиция батальонының 2 взводының экипажы, полиция старшинасы Игорь Макаров пен полицияның аға сержанты Думан Әлменбаев түнгі ауысымға шыққан кезінде «Нұр-Сұлтан – Петропавл» тас жолының бойында тоқтап тұрған «Vanhoo» жолаушылар автобусын көреді. Автобустың қозғалтқыш тетігі істен шыққан.

«Автобуста Өзбекстан Республикасының 15 азаматы болды. Көлік «Екатеринбор- Тараз» бағыты бойынша жүріп келе жатқан. 26 қарашада жолдың 243 шақырымында автобустың қозғалтқыш тетігі істен шығып, тоқтауға мәжбүр болған. Тәртіп сақшылары жолаушыларды өтіп бара жатқан көліктерге отырғызып жіберді. Ал, өздері сынған автобусті жөндегенше бес күн бойы жүргізушілерге көмек көрсетті», - дейді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметі атап өткендей, қиын жағдайға душар болған кезде, көмек қолын созған тәртіп сақшыларына автобус жүргізушілері мен жолаушылары шынайы алғыстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар