Ақмола полицейлері жолда қалған отбасына көмектесті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола  облысының полицейлері көлігі сынып, жолда қалған отбасына көмек қолын созды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-патрульдік полициясы батальоны 1-ші взводының аға сержанты Қайрат Хаджымұрат пен кіші сержант Мырзабек Қайыргелді үшін бұл бірінші жағдай емес. Осыған дейін талай жолаушыға көмек қолын созған екен.

Бірақ та, бұл жолы Зеренді ауданындағы Қанай би ауылында тұратын  Мысырəлімовтер отбасы ІІД Алғыс хат жолдапты. Белгілі болғандай, сынған көлікте хат авторының балалары болған екен.

"Қыркүйектің 6-сы күні балаларымыз ауылдан қалаға бара жатқан кезде көліктері істен шықты. Араларында омыраудағы 4 айлық сəби де болды. Олар жолда көп тұрып қалды. Абырой болғанда, түнгі сағат 02:00 шамасында полицейлер келіп, көмек көрсетті. Оларға шынайы алғыс білдіремін. Полиция қатарында осындай жігіттер көп болсын", - деп ризашылығын білдіріп отыр ауыл тұрғындары.

Қайраттың айтуынша, сол күні ол əріптесі Мырзабек екеуі  "Көкшетау-Атбасар" автожолының бойында кезекшілік еткен. Түннің бір уағында оларға жол-патрульдік полициясы батальонының кезекшісі хабарласып, аталмыш жолдың бойында істен шыққан көліктің тұрып қалғанын айтқан. Полицейлер оқиға орнына жедел жеткен.

Ведомствоның мəліметі бойынша, тұрғындарға көмекке барған полицейлерді ІІД басшылығы марапаттау мəселесін қарастыруда.

Соңғы жаңалықтар