Ақмола полицейлері жедел алдын алу операциясы барысында 767,48 грамм есірткі затын тәркіледі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық полицейлер «Мак» жедел алдын алу операциясы барысында 4 есірткі қылмысын анықтап, 767,48 грамм есірткі затын тәркіледі. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

ІІД қызметкерлерінің мәліметі бойынша, облыс аумағы бойынша қолға алынған «Мак» жедел алдын алу операциясы барысында 4 есірткі қылмысы анықталып, 767,48 грамм есірткі заты тәркіленген көрінеді. Жекелей алғанда 3 рет есірткі саудасы, 1 рет құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру фактісі тіркелген. Осыған орай, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру бойынша ҚР ҚК 262 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған заңнамада 500-ден 700 АЕК айыппұлын салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көрсетілген.

Еске сала кетсек, маусымның 1-і мен 30-ы аралығында облыс аумағындағы білім ордалары мен ойын-сауық орындарында есірткі қылмысын анықтап, жолын кесу мақсатында жедел алдын алу шарасы өтуде. Ал, «Мак» жедел алдын алу операциясының мақсаты - есірткі заттарын дайындап, тасымалдауға және есірткі бизнесімен айналысатын қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қою болып табылады.

Соңғы жаңалықтар