Ақмола полицейлері жарты жыл бұрын қарақшылық қылмыс жасағандарды құрықтады

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Щучье қаласындағы «Реалгаз» ЖШС-не жарты жыл бұрын қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерлер құрықталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 13 қаңтарында Бурабай ауданының Щучье қаласында «Реалгаз» ЖШС-не қарақшылық шабуыл жасалған болатын. Сол кезде белгісіз адамдар күзетшіні соққыға шығып, ішіндегі 1 292 751 теңге ақшасымен бірге сейфті қолды қылған еді.

Енді араға 6 ай салып, полицейлер жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтиже беріп, күдіктілер құрықталды. Олар 20-21 жастағы үш жас жігіт болып шықты.

Қазіргі кезде бұл үшеуі де жасаған қылмыстарын мойындап, Бурабай аудандық ІІБ тергеу изоляторларына тоғытылды.

Соңғы жаңалықтар