Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Ақмола полицейлері тұрғындардың сауалдарына тікелей эфирде жауап берді

2019 жылғы 21 шілде 06:20
Бөлісіңіз:
Ақмола полицейлері тұрғындардың сауалдарына тікелей эфирде жауап берді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының полицейлері әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде тұрғындардың сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірдің ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, шілденің 19-нан бастап өңірде республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтуде. Акцияның алғашқы күні тәртіп сақшылары мобильді пунктерде ақмолалықтарды қабылдап, полиция құзыретіне қатысты толғандандырған сауалдарына жауап берді.

«Дәстүрлі кездесуден бөлек, полиция қызметінде қазіргі замаңғы технология мен әлеуметтік желі мүмкіндігі қолданылады. Қазіргі кезде, жастардың көбі ақпарат алуда мобильді телефонды қолданады. Сондықтан, біз заман ағымына сай олармен диалог жасау үшін танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желіні пайдалануды шештік», деп атап өтті ведомстводан.

Облыс орталығында бір уақытта бірнеше жерде акция ұйымдастырылды. Оның ішінде Көкшетау қалалық №1 емхана, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында көптеген тұрғындарға кеңес берілді. Ал, Тәуелсіздік алаңында таңғы сағат 09:00 бастап Ақмола облыстық ПД бастығы, полицияның генерал-майоры Берік Біләлов өзі көкшетаулықтардың сұрақтарын жауап берді.

«Талдау көрсеткендей, тұрғындарды мемлекеттік қызмет алу мәселесі қызықтырды. Оның ішінде электронды үкімет порталы арқылы қызмет алу, әкімшілік айыппұлды көру және төлеу, көлік құралдарын жабдықтау, шетелдік жұмыс күшін қолдану, жүргізуші куәлігін алу төңірегінде көп сауалдар қойылды» деді ведомстводан.

ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ризахмет Жәнібеков Instagram әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып, желі қолданушылардың сауалдарына құлақ түрді.

Интернет қолданушылар автокөліктерді қайта жабдықтау рәсімі, самокаттар мен скутер иелерінің жол қозғалысы ережесі, полицияның учаскелік инспектордың қызметі туралы саулдар қойылды.

Ведомстводан атап өткендей, акция кезінде «жедел желі» жұмыс істейтін болады. Ол арқылы тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауап ала алады.

Айта кетейік, шілденің 15-де өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы коммуникацияның тиімді жүйесінің тұрғындармен және бизнеспен жүйелі жұмысын қалыптастыру бойынша тапсырма берген болатын. Әсіресе, ә бір мемлекеттік қызметші толғандырған сұрақтар бойынша әлеуметтік желіде белсенді болуы қажеттігін атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT