Ақмола полицейлері саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полицейлері мен ардагерлері саяси қуғын-сүргін құрбандарының аруағына тағзым етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық ПД 20 қызметкері мен құқық қорғау органдары саласының 10 ардагерінен тұратын делегация Ақмол кентіндегі «АЛЖИР» мемориал-мұражай кешенінде болды. ПД бастығының тікелей тапсырмасымен ұйымдастырылған шара барысында делегация мүшелері кешеннің ішін аралап көрді. «АЛЖИР» лагеріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, 7 мың әйелдің есімі жазылған мемориалдық тақтаға гүл дестелерін қойды.

Экурсияға қатысушылар мұражай аумағындағы «Қайғы қақпасы» монументі, шолу мұнарасы, «Күрес пен үміт» және «Ашыну мен дәрменсіздік» секілді екі мүсіндік композиция, сондай-ақ «Еске алу қабырғасы», ГУЛАГ картасы салынған «Жас» стелланы аралап көрді.

Айта кету керек, «АЛЖИР» лагерінде Әзиза Рысқұлова мен оның анасы Әрипа Есенғұлова, Дәмеш Жүргенова, Рабиға Асфендиярова, әнші Лидия Русланова, жазушы Галина Серебрякова, маршал Тухачевскийдің отбасындағы әйелдер, жазушылар Борис Пильняктың әйелі Кира Андронникошвили, Юрий Трифоновтың әйелі Евгения Лурье, Болат Окуджава мен Мая Плисецкаяның аналары сияқты мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлерінің әйелдері болған.

Экскурсияға қатысқан Көкшетау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алған әсерлерімен бөлісті.

«Мұндайды ұмыту мүмкін емес. Мұражайды аралағанда үлкен әсер алып, сол кездегі лагерь тұтқындарының тартқан бейнетін түсінесің», - дейді экскурсияға қатысушылар.

Әсіресе, «АЛЖИР» лагеріне Грузиядан жеткізілген тұтқындардың өмірі мен тартқан азабы және үміт-армандары туралы көркем драма ерекше әсер қалдырды.

«Мұндай шараның маңызы зор. Өз халқыңның тарихын біліп, бүгінгі құндылықтарын саралауға мүмкіндік береді», - дейді полцейлер.

null null

Соңғы жаңалықтар