Ақмола полицейлері курортты аймақтарда 1700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Бурабай мен Зеренді курорт аймақтарында рейд жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Курортты аймақ аумағын 15 мобильді топ күзетеді, олардың 8-і жол қауіпсіздігін, 7-еуі санитарлық нормалар мен қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылайды.

«Полиция қабылдаған алдын алу шаралары 500-ден астам қоғамдық тәртіпті бұзу фактісінің жолын кесуге мүмкіндік берді. Олар: қоғамдық орындарда спирт ішімдік ішу, ұсақ бұзақылық, демалуға арналған ортақ орындарды ластау, абаттандыру ережелерін бұзу. Жүргізілген рейд нәтижесінде Бурабай және Зеренді аудандарында 6 туризм нысанының басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп бұзушылыққа жол берген туризм нысандарының қожайындары 30 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндетті, бұл – 83 340 мың теңге»,- деп атап өтті ведомствода.


Полиция облыстың барлық аудандарындағы демалыс орындары мен қоғамдық жерлерді тексеру үшін рейдтер жүргізді. Ауқымды іс-шараның нәтижесінде тәртіп сақшылары 1700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, санитарлық нормалардың сақталуы үшін жауапкершілік туралы 9 000-ға жуық ескерту қағаздарын таратты.

Бұған дейін хабарланғандай, 24 шілдеден бастап Бурабай мен Зеренді жабылған болатын.


Соңғы жаңалықтар