Ақмола полицейлері қаза тапқан әріптестерінің отбасына материалдық көмек көрсетуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Халықаралық Отбасы күніне орай Ақмола облысының полицейлері мерт болған әріптестерінің отбасына материалдық көмек көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләловтің атынан бір топ полиция қызметкерлері қаза тапқан әріптестері Анатолий Евстахиевич Дробчактің отбасында болып материалдық көмек көрсетті.

Ақмола облысы полиция департаменті жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжетай Жақыпов әріптесі Анатолий Дробчактің жесірі Еленаға мықты денсаулық, төзімділік танытып, жігерлі болуына тілектестігін білдірді.

Елена Юрьевна екінші топтағы мүгедек. Тағдырдың жазғанына қарамастан ел қатарлы өмір сүруге тырысуда.

Еске сала кетейік, Анатолий Дробчак ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 1990 жылдан бастап бұрынғы Целиноград облысы Макинск аудандық атқару комитетінің ішкі істер бөлімінде милиционер ретінде бастаған болатын. 2005 жылдан бастап Ақмола облыстық ІІД Бұланды аудандық ІІБ жалғастырды. Полиция қызметінде жалпы еңбек өтінімі 20 жыл.

Өз кезегінде Елена Юрьевна да бақилық болған жолдасын ұмытпай, артында қалған отбасына қамқорлық танытып отырған полицейлерге шексіз алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар