Ақмола полицейлері 800-ге жуық көлік тізбектерін межелі жерге жеткізді

None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола полицейлері 800-ге жуық көліктен тұратын 5 автотізбекті межелі жерге жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары жол-коммуналдық қызметтермен бірлесіп, күрделі климаттық жағдайлар, яғни қар, көктайғақ, жаңбыр байқалған автожолдардың жабылуына байланысты трассада қалған автокөліктерді тізбекпен ертіп жүруді қамтамасыз етті.

Патрульдік жасақтар 770 көлік құралына, оның ішінде 625 жеңіл, 145 жүк машиналарына бірнеше бағытта еріп жүрді.

Атап айтқанда, бұл шара Екатеринбург - Алматы халықаралық маңызы бар трассасының Жақсы кентінен Қажымұқан ауылына дейінгі, Астана - Петропавл республикалық маңызы бар трассасының Қостанай қаласы шекарасына дейінгі Жақсы-Есіл - Бұзылық, Астанадан Щучинскіге дейінгі Жезқазған - Петропавл, сондай-ақ Қостанай - Әулиекөл - Сурған, Көкшетау-Атбасар трассалары және Астана-Ерейментау-Шідерті жолында атқарылды.

Полиция жүргізушілерден автожолдардың жабылғаны туралы хабарламаны ескеруді, елді мекендерден тыс жерлерге бармауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар