Ақмола өңірінде облыс, қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес Көкшетау мен Степногор қалалары маңындағы жолаушылар пойыздарының жалпы вагондарсыз жүруіне рұқсат етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандар мен Көкшетау және Степногор қалаларының әкімдеріне бұқаралық іс-шараларды (мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, форумдар, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т.б.), отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ, ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, балалар ойын алаңдары, жабық ғимараттардағы аттракциондар, батуттар және басқалар) қызметіне, букмекерлік кеңселердің, ересектер мен балаларға арналған басқа да ойын-сауық, кальян орындарының (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілері жанындағы) қызметіне тыйым салынады.

Сонымен қатар, банкет залдарының, мәдениет объектілерінің ( жеке, топтық дайындықтар) қызметіне, спортшылардың оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысу үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына тыйым салынады. Кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салынады. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын топтардың жинақталуын сақтаған кезде жол беріледі. Облысаралық, қалааралық тұрақты автобустардың, шағын автобустардың, облысаралық тұрақты емес ( туристік) тасымалдардың, қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың қозғалысы тоқтатыла тұрады.

Бұдан бөлек, қала маңындағы жолаушылар пойыздары, электр пойыздары, жолаушылар пойыздарының жалпы вагондарсыз жүруіне рұқсат етіледі. Өңірлер арасында жеке автокөліктің қозғалысына рұқсат етіледі. Кеңестер, отырыстарды ҚР МТЖБ №67 3-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, күндізгі режимде (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде) өткізуге рұқсат етіледі. Діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) қызметіне белгіленген талаптар сақталған кезде және ұжымдық іс-шаралар өткізілместен рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, кітапханалардың, мұражайлардың, гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне рұқсат етіледі. Театрлар мен кинотеатрлардың қызметі тоқтатылады. Фудкорттарға СОО және сауда үйлерінің жанында жұмыс істеуге рұқсат етіледі ( жұмысты 10 сағаттан 20 сағатқа дейін шектей отырып, жеткізу және шығару ғана).

Еске сала кетейік, 2021 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қостанай және Ақмола облыстары «қызыл аймақ» өтіп отыр.

Сондай-ақ, бүгін Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина Шоқыну мейрамын тойлауға байланысты карантиндік шектеулер туралы Қаулыға қол қойды. Сол арқылы облыста шоқыну мейрамы кезінде тұрғындарға жаппай шомылуға тыйым салынды.


Соңғы жаңалықтар